Шымкентте тойға жиналған бір топ жігіт мылтық пен тапаншадан аспанға кезек-кезек оқ атып, елдің үрейін алды.
Айқайға басқан топ әрекеттерін өздері ұялы телефонға түсірген. Барлығының аты-жөні мен дерегі анықталды. Бұзақыларға қатысты іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде кең тараған тағы бір бейнекөрініс көпті шошытты. Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде «Toyota Lend Cruisеr»-ді тізгіндегендер автокөлікті артқа қаратып айдаған. Көшені бойлай теріс жүріп бара жатқан оның екі жағына тағы екі көлік қосақтасып ілескен. Джип көлігін мінген азамат жол ережесінің екі бірдей бабын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
Ғани Қалмаханов