Джорджияда өлтірілген 8 адамның алтауы – азиялық әйелдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джорджияда өлтірілген 8 адамның алтауы – азиялық әйелдер

17.03.2021

АҚШ-тың Джорджия штатының Атланта қаласының маңында 8 адам оққа ұшып мерт болды. Құрбандардың алтауы – азиялық әйелдер. Жалпы, бірнеше сағатта үш спа-салонға шабуыл жасалған. Оңтүстік Корея үкіметі қаза тапқандардың төртеуі корей ұлтының өкілдері екенін растады.

Қантөгіске жауапты деген күдікпен 31 жастағы азамат тұтқындалды. Оның бұл қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Соңғы кездері Құрама Штаттарда коронавирус таратты деген себеппен тегі азиялық америкалықтарға қарсы шабуылдар жиілеп барады. Президент Джо Байден өткен аптада мәлімдеме жасап, осындай оқиғаларды қатаң айыптаған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу