Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының сағырттығы салдарынан кәріз жүйесінің шайындылары екі апта бойы Сайрам өзеніне құйылған. Бұл жайтты тұрғындардың шағымы бойынша құрылған арнайы комиссия анықтады. Сол маңдағы көпқабатты үйлердің кәріз құдығы қоқыспен бітеліп қалғанын коммуналдық мекемелерге дер кезінде хабарлағанымен, олар ақауды тек екі аптадан соң түзеткен. Бұл аралықта шайынды су өзенге аққан. Ал ластанған өзен суын жақын маңдағы үйлердің төрт түлігі ішкен. Осы жәйтқа байланысты экология департаменті тексеріс жүргізіп, табиғатқа 166 мың теңге залал келгенін анықтады.
Серік Сарбасов, Шымкент қаласы экология департаментінің бөлім басшысы:Энергетика және коммуналдық басқармасына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаға Сайрамсуға сарқынды сулар түсуі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қоршаған ортаға тигізген залалы бойынша нұсқама берілді.
Сондай-ақ осыдан бір апта бұрын Бадам өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты жасалған сынама нәтижесі белгілі болды. Сараптама нәтижесінде су құрамының таза және ондағы оттегі концентратының жеткілікті мөлшерде екені анықталды. Эколог мамандар балықтардың қайранға шығып қалуына Бадам өзеніне төгілген күл-қоқыс себеп болуы мүмкін деген байламға келді. Қазір полиция қызметкерлері өзен суын ластаған азаматтарды іздестіріп жатыр.