Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкеріне ковидке қарсы екпе салынды. Вакцинациялау 10 наурызда басталған. Екпе салу ай соңына дейін жалғасады. Жалпы мегаполисте 6 мыңға жуық полиция қызметкері бар. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бір апта ішінде екі мыңнан астам тәртіп сақшысы ерікті түрде екпе алған. Барлығының жағдайы жақсы. Мамандардың кезек күтпей вакцинациялаудан өтуі үшін арнайы кесте жасалған. Полиция қызметкерлері қаланың әртүрлі емханаларына бөлінді. Ең алдымен халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге екпе егілді.