Бүгін Сенатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдерінің акцизіне қатысты заң қабылданды. Енді 2024 жылы темекінің мың данасы үшін салынатын акциздер 35 еуроға дейін қымбаттайды. Темекіге акцизді арттырған соң қосымша қаражат түсіп, бюджетке түсетін кіріс 27 процентке көбейеді. Өнімге салынатын қосымша құн бірден қымбаттамайды.
Ақерке Бектас