Карантинде жалған ақша жасайтындар 38 процентке азайды. Ұлттық банк өкілдері бұны кейбір кәсіпкерлік нысаны жұмысының шектелуімен байланыстырды. Жалған ақшаны көбіне базарларда, жанармай құю бекеттерінде және шағын азық-түлік дүкендерінде өткізеді. Былтыр құны 2 млн 890 мың теңгені құрайтын 823 жалған банкнот табылған. Әсіресе 2 мың мен 5 мың теңгелік банкноттарды қолдан жасайтындар көп.
Ақерке Бектас