Бүгін еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы. Бұған Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді. Тек оңтүстік-шығыс пен солтүстікте жауын-шашын болмайды. Қалған өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Жылдамдығы 15-20 метр секундына, ал, екпіні 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ақтөбе және Батыс Қазақстан аумағында көктайғақ әрі бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 3 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Ақтөбеде негізінен Ресеймен шектесетін трассаға шығуға тыйым салынды. Ал, Батыс Қазақстанда жүк және қоғамдық көліктер үшін Самара-Шымкент автожолы мен Жымпиты ауылы мен Ақтөбе өңірі аралығы. Алматы облысында Үшарал-Достық бағыты және Көктума – Достық станциялары арасына шектеу енгізілді.