Ақтөбеде алкогольдік өнімдер шығарған жасырын 2 цех табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алкогольдік өнімдер шығарған жасырын 2 цех табылды

19.03.2021

Ақтөбеде контрафактілік алкогольдік өнімдер шығарған жасырын цех әшкереленді. Бұл ақпарат бейнежазбасымен қоса Қаржылық мониторинг агенттігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

Мамандар саяжайда орналасқан цех ішінен 5 мың шөлмек ішімдік пен 6 мың литрден аса спирт тәркілеген. Сондай-ақ, мыңдаған жалған акциздік маркалар табылды. Нәтижесінде, 3 ақтөбелік ұсталып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және жалған есепке алу маркаларын қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу