Алматыда экологиялық журналистика курсы аяқталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы салада маманданған тілшілерге оқыту бағдарламасын өткізген. 5 күн бойы қатысушылар экологиялық мәселелерді көтерудің қыр-сырын меңгерді. Ал білікті мамандар қоршаған ортаны қорғау проблемаларына қатысты ақпарат таратудың тәсілдері туралы дәріс берді. Оқу курсын аяқтаған республикалық және өңірлік ақпарат құралдарының қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.
Жазира Оразқызы