Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері жедел шешілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері жедел шешілуі тиіс

19.03.2021

Агроөнеркәсіпті субсидиялау жүйесі жетілдіріледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржыға қолжетімділігі артады. Бұл мәселелер Үкімет Басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офистің отырысында айтылды. Біздің басты міндетіміз – бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жетілдіру және кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді жедел шешу деді Премьер-министр. Жалпы биыл кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен несиелендіруге 700 миллиард теңге бөлінген. 

Оңғар Алпысбайұлы 


Хабарламаларға жазылу