Жамбыл облысының тұрғыны есірткі затын Шығыс Қазақстанға көліктің қосалқы доңғалағына жасырып жеткізбек болған. Ол «Дәрмек» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталды. Алматы-Өскемен тас жолында тоқтатылған көліктегі екі қосалқы дөңгелегінен жалпы салмағы жалпы салмағы 20 келіге жуық кептірілген марихуана табылды. 39 жастағы ер адам қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір ірі көлемдегі есірткі тасымалына тағы кімнің қатысы бар екені анықталып жатыр.
Берік Көшербай