Маңғыстауда бұған дейін шарықтап кеткен азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады. Мысалы, нан 75 теңгеден 69 теңгеге түсті. 10 жұмыртқа 515 теңгеден 453 теңге болды. Күнбағыс майы мен секер 10 пайызға, макарон, күріш, қарақұмық 15 пайызға арзандады. Әкімдік пен кәсіпкерлер арасында жасалған меморандумның арқасында облыстағы 20-дан астам ірі сауда орны бағаны төмендетті.
Жанна Тоқбаева, Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:
Осы әлеуметтік тауарларды өндірушілерден, жеткізушілерден алған бағамен үстіне үстеме қоспай, кәсіпкерлердің тарапынан сатылып жатыр. Бұл біздің кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін де көрсетеді. Меморандум мамыр айының 1-не дейін жасақталды.
Аягөз Оралбайқызы