Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде алдымен, елдегі цифрлық бағдарламалар барысы баяндалды. Одан соң мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен қамту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасын жетілдіру жайы талқыланды. Сонымен қоса, Үкіметке жергілікті маңызы бар жолдарды сапалы салу мен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылау тапсырылды.
Амангелді Сейітхан