Елде шаруашылық алқаптарын сақтандыру 15 сәуірде аяқталады. Мамандар біраз аймақта қыста қар аз түскен соң алдағы жазда қуаңшылық болуы мүмкін деп болжайды. Сақтандыру егіс алқаптарына мониторинг жүргізіп, ылғал тапшылығын ертерек анықтау үшін қажет. Шаруашылық аумағын электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Qoldau.kz сайтында онлайн сақтандыруға болады. Кейін шаруалар жеке кабинетке кіріп, қауіп жоғары аумақты белгілеп, компанияға сақтандыру қорының 50% төлейді. Осы арқылы топырақтың ылғал деңгейін күн сайын сайттан бақылауға болады.
Ақерке Бектас