Салдарынан бірнеше бағытта жолаушылар пойызы уақыттан кешікті. Апат «Қазалы-Сексеуіл» темір жол учаскесінде тіркелді. Нақтырақ айтқанда, «Қамыстыбас-Шөміш» аумағының 2426-шы шақырымында пойыздың 16 вагоны жолдан шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құтқарушы қызметі мен Төтенше жағдай департаментінің мамандары оқиға орнына түнде жетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Таңғы сағат алтыға дейін жол қозғалысы қалпына келтірілді.
Мерей Мейірбеков, Арал ауданы әкімінің орынбасары:
- Жағдай қалыпты, пойыздар тоқтаусыз жүріп жатыр. Учаскеде әлі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Комиссия оқиғаның мән-жайын тексеретін болады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.