Шығыс Қазақстанда күн күрт жылынып, Өскемен қаласының маңындағы саяжайларды су басты. Тау арасындағы 226 жаздық үйдің 20-дан астамына су кірген. Құтқарушылар мен қалалық әкімдік өкілдері осы аумаққа арнайы техникамен барып, жағдайды бақылауға алды. Бұл жердегі саяжайлардың екеуінде ғана қыста адам тұратыны анықталды. Бірақ ол үйлерге су кірмеген. Жалпы, Шығыс Қазақстанда соңғы үш-төрт күнде ауа райы күрт жылынып, сай-саладағы қардың көбесі сөгіле бастады. Көп көше көл-дария болып, аяқ алып жүргісіз.
Қаныш Мұқажанов, қала әкімдігінің инспекторы:
Осында келіп, жағдайды бәрін тексердік, қанша кісі тұрады дегендей. Қай үйлерді су алғанын көрдік, олар қандай жағдайда екенін тексеріп шықтық. Бүгінгі күнге жалпы сол үйлердің ішінде 2-ақ үй қыстай тұрады.Оның ішінде біреуінде ғана кісі болды. Ол кісімен әңгілестік. Ол «көшірудің қажеті жоқ» деді.
Берік Көшербай