Елордада коронвирус жұқтыру деңгейі 24 пайызға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада коронвирус жұқтыру деңгейі 24 пайызға артты

26.03.2021

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, қала әлі де «қызыл» аймақта. 14 наурыздан бастап, инфекцияны жұқтыру деңгей 24 пайызға өсті.

Раушан Сайлауқызы, тілші: 
Ақпан айында орта есеппен 100 жағдай тіркелсе, осы айда бұл көрсеткіш 230-ға жетіп отыр. қазір ауруханада 3800-ге жуық адам емделіп жатыр. Төсек орындарының толымдылығы 64 пайызға жетті. Жансақтау бөлімінде сырқаттардың саны артқан. 55 адам хал үстінде, 14 науқас жасанды тыны алу аппаратымен демалып жатыр. Жағдайдың күрт өзгеруі Наурыз мейрамдарымнан кейін байқалды. Бұл санитариялық нормаларды сақтамай, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, карантиндік режимнің бұзылуымен байланысты деп отыр мамандар. 

Елорда дәрігерлері мен медициналық мамандарға жүктеме екі еселене түсті. Бүгінгі таңда инфекциямен күреске 3 700-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды. қажет болған жағдайда қосымша кадрлық резерв дайын. Бүгінгі күні КВИ-ға қарсы күресте 11 аурухана жұмыс істеп жатыр. 3 медициналық ұйымдарда қосымша 300 инфекциялық төсек-орын дайын. Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні 10 мыңға жуық адамға вакцинация салынды. Екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ.


Хабарламаларға жазылу