Індет жасарып келеді. Ақтөбеде ковид жұқтырғандардың орташа жасы 35-37.
Соңғы тәуліктерде облыста ауырғандар саны 40-50 адамнан түспей тұр. Өңір 2 күннен бері сары аймақта. Мамандар тұрғындардың сақтық шараларына әлі де немқұрайлы қарайтынын айтады. Мәселен, мейрам күндері көпшілік шаралар ұйымдастырғаны үшін 15 адам жауапкершілікке тартылған.
Нұрсұлу Беркімбаева, Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:
Тіркелген аурулардың арасында ең көбі келесі жастардыңарасындла.Ол 30-39 жастағылардың арасында 106 жағдай тіркеліп отыр. 1 қаңтардан бастап. 40-49 жастағыларда 94 жағдай тіркеліп отыр. 50-59 жас аралығында 85 жағдай тіркеліп отыр.
Жақсыбек Кемал