Тауар бағасын тұрақтандыру үшін сауда желілеріне берілетін жеңілдікпен несие беру екі есеге дейін артады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, осы арқылы тауардың құны сауда желісінде нарықтағы бағаға қарағанда 15-20%-ке арзандайды. Министрлік «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін көбейтеді. Сонымен бірге сиыр етінің бағасын тұрақтандыру үшін ірі қара мен қойдың экспортына квота қойылуы мүмкін.
Ақерке Бектас