Қарағандыда жер үйден шыққан өрттен үш адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жер үйден шыққан өрттен үш адам қайтыс болды

14.11.2018

Қарағандыда жер үй өртеніп, екі әйел және 6 жастағы бала қайтыс болды. Қаланың Октябрь ауданына қарасты Багрицский көшесіндегі үйлердің бірінде кеше сағат төрттер шамасында өрт шыққан. Құтқарушылар жеткенше, тілсіз жау үйдің 70 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген. Оларға хабар кеш берілген. Үйде болған 1962 жылғы әйел мен оның 1990 жылғы қызы және 6 жастағы немересі жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Көршілердің айтуынша, бұл үйдің ересектері алкогольді ішімдікті жиі тұтынған.

Асыл Жүнісова, қала тұрғыны:

- Бір сағат бойы үй иесі өртті өзі өшіруге тырысқан. Содан кейін барып, біздің үйге көмек сұрап келген. Үйде анам ғана болған. Ол кісіде телефон болмағандықтан, өрт сөндірушілерді шақырып бере алмапты. Содан көршілерге барған.

Нұрлыбек Бөкенов, Қарағанды қалалық ТЖБ бөлім басшысы:

- Өрт 4 бөлмелі жер үйде болған. Өрттің салдарынан үй жиһаздары, үй заттары, шатыры және ортадағы қабырғалардың жануы тіркелген. Ең алдымен 1962 жылғы Гоничконың күйеуі келіп, өртті көрген. Өз күшімен өшіргісі келген. Өз күшімен сөндіре алмағандықтан, біздің өрт сөндіру бөлімін шақырған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу