Түркістан облысында 13 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 13 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы екпе алды

29.03.2021

Түркістан облысы елімізде вакциналаудан көш бастап тұр. Өңірде бүгінге дейін өз еркімен 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Оның ішінде 10 мыңнан астамы медицина қызметкерлері болса, өзгелері педагогтар, полицейлер мен басқа да санаттағы азаматтар. Аймақта 3200 адам екпенің екінші компонентін алып үлгерген.

Жалпы, «жасыл» аймақта саналатын өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланып отыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу