Жетісайда дренаждардың жарамсыздығынан көшелер суға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайда дренаждардың жарамсыздығынан көшелер суға толды

29.03.2021

Батыс Қазақстанда 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Олардың 26-сы аса қауіпті аумақта тұр. Дені қала іргесіндегі ауылдар мен саяжайлар. Онда 40 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Ал өзен-көл бетінде мұз ери қойған жоқ, десе де өте жұқа. Мамандардың болжамынша, Жайықтың су деңгейі 4-5 метрге дейін көтерілуі ықтимал. Сәуірдің басында мұз жару шарасы басталады.

Жасұлан Жұмашев Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Біз 85 ауыл дейміз, соның ең қаупі бар су тасқыны кезінде 26 ауылды шығарып қоямыз. Биыл тоң дейтін керемет. 50 см, одан да астам тоң бар. Әлі түспей жатыр. Сол үшін су жердің үстімен сайларға ағып кетіп жатыр. 

олассыз жауған нөсерден Түркістан облысы Жетісай қаласындағы бірнеше көше суға толып қалды. Кешеден бері төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары арнайы техниканың көмегімен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласынан 450 текше метр су сорып алған. Бұл жұмыс бүгін де жалғасты. Көшелердің көлкіген суға толып қалуына, қала ішіндегі сорғылар мен дренаждардың жұмыс істемей тұрғаны себеп болған.

Ардақ Мұратқызы, Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу