Самара-Шымкент тас жолында автобус апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самара-Шымкент тас жолында автобус апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты

19.11.2018

Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысы тұсында екі автобус соқтығысып, үш адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдары қазір анықталып жатыр. Ал, зардап шеккендер Қармақшы және Жалағаш аудандарының ауруханаларына жеткізілді.  Қайтыс болғандардың екеуі оқиға болған жерде, ал 7 жастағы бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ғабит Жаңабаев, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Біреуі Қазалыдан Қызылорда қаласына шыққан, екіншісі Қызылорда қаласынан Қармақшы елді мекеніне шыққан. 86 жолаушы болған, 74-і медициналық көмекке жүгінген. Қысылып қалған 5 адамды кесіп шығарды. Соның екеуі қайтыс болған, үшеуі ауруханаға жеткізілген. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу