Шығыс Қазақстандағы полицейлер ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатыр. Екпені алғашқылардың бірі болып облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев алды. Барлығы 100-ден аса тәртіп сақшысы егілді. Олардың қатарында халықпен жиі қарым-қатынаста болатын патрульдік полиция қызметкерлері көп. Учаскелік инспекторлар да қауіпті індеттен сақтану үшін екпе салдыруды жөн көрген.
Бейбіт Хамидуллин, ШҚО ПД арнайы жасақ командирінің орынбасары:
Келіп вакцина салып жатырмыз. Әсері жақсы, ешқандай жаман жағын көріп тұрған жоқпын. Өзімнің жеке құрамға, полициядағы әр қызметкерге айтарым, келіп вакцина алғандарыңыз дұрыс.
Берік Көшербай