Еліміз қайтадан қауіпті аймаққа енді. Өйткені, қазір төрт өңір «қызыл» аймақта. Олар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары. Ал, Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
Дегенмен, кеше тағы 1445 адамнан коронавирус анықталды. Олардың ең көбі Алматыда. 545 адам. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 10 адам шалдығып, 2 науқас қайтыс болған.
Амангелді Сейітхан