Отандық «QazCovid-In» вакцинасы сынақтан сәтті өтсе сәуірден бастап жаппай салынады. Бастапқы екі фазасы бойынша оң бағаланды. Енді 3-ші кезең. Бұл мерзімде 3 мың адам екпе қабылдайды. Препараттың басты артықшылығы – коронавируспен ауырған адамның тірі штамм негізінде өндірілгені. Ондағы вирус инактивацияланып, кейін зертханада өсірілді. Сосын, адъювантқа салынған. Яғни, алюминий тұзбен қапталған. Сондықтан тасымал тұрғысынан да қиындық жоқ. Вакцина 1 жарым айда өндірілді. Мұнымен қоса тағы инфекцияға қарсы 5 екпе жасалуда. «QazCovid-In» вакцинасы қоғамда жеңіл қабылдануы үшін «QazVac» атауымен шығарылады.
Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:Инактивтелген вакцинамыз - тұтас вирионнан жасалатын вакцина. Вирустың ішіндегі барлық ақуыздың спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де біздің вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады.Нысаналы Ығыл