Министрлік: 42500 теңге қайтадан төленбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік: 42500 теңге қайтадан төленбейді

31.03.2021

Карантиннен зардап шеккендерге 42500 теңге қайтадан төленбейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір мұндай мәселе қаралып жатқан жоқ дейді. Алматыдағы қатаң шаралар сәуірдің ортасына дейін жалғасатындықтан, бұған дейін бизнесмендер Үкіметтен көмек сұрап, онда 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны да беруді өтінген. Бірақ министрлік кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік ретінде онсыз да қолдау көрсетіліп жатыр дейді. Айта кетейік, 42500 теңге төрт жарым миллион адамға төленген. Ол үшін бюджеттен 476 миллиард теңге бөлінген еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу