Көкшетау қаласы «қызыл» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау қаласы «қызыл» аймақта тұр

01.04.2021

Ақмола облысы «жасыл» аймақ қатарында болғанымен, Көкшетау қаласы мен Шортанды, Астрахан, Біржан сал аудандары «қызыл» аймаққа енді. Өткен тәулікте облыста індетті жұқтырған 48 адам анықталды. Сондықтан өңірде карантиндік талаптар әзірге жеңілдетілмейді. Тіпті, Нұр-сұлтан қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан, елорда маңындағы аудандарда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Қазір жаңа қаулының жобасы талқылануда. Сондай-ақ, өңірде екпе салу жалғасуда. Осы уақытқа дейін 6 мыңнан астам ақмолалық вакцина салдырған. 

Айнагүл Мусина, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Облыс «жасыл» аймақта деп босаңсуға болмайды. Карантиндік талаптарды сақтап қана жағдайды жақсартуға болады. Сондықтан бақылау топтарының жұмысы жалғасады. Облыста көпшілік іс-шаралар, тойлар өткізу тоқтар емес. Өткен демалыста бірнеше мейрамханада той өткізілгені анықталды.  

Ермек Елберген  


Хабарламаларға жазылу