Францияда үшінші рет ұлттық карантин жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда үшінші рет ұлттық карантин жарияланды

01.04.2021

Францияда үшінші рет ұлттық карантин жарияланды. Бұл туралы мәлімдемені президент Эммануэль Макрон телевизиялық үндеуінде жасады. «Қазір әрекет етпесек, пандемияны бақылаудан шығарып аламыз», - дейді Елисей сарайының 43 жастағы қожайыны. Оның бұйрығына сәйкес, дүйсенбіден бастап қатаң шектеу шаралары бүкіл республикаға тарайды.

 Ал, сенбідеден бастап дүкендердің көбі жабылып, мектептер үш аптаға сабақты тоқтатады. Сонымен қатар, кешкі сағат 7-ден бастап коменданттық сағат енгізіліп, үйден 10 шақырымға ұзауға тыйым салынбақ. 

Айта кетсек, Францияда коронавирус жұқтырғандардың күндік саны ақпаннан бері екі есеге артып, шамамен 40 мыңға жетіп, жан сақтау бөліміне түскендер 5 мыңнан асып, құрбандардың жалпы саны 100 мыңға таяп қалды. 

Сонымен қатар, Пасха мерекесі қарсаңында Австрияда, Италияда, Нидерландыда, Чехияда, Словакияда, Германияда да локдаун күшейтіліп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу