Италия екі ресейлік өкілді тыңшылық үшін еліне қайтарды. Мұны осы мемлекеттің сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо мәлімдеп отыр. Мұның алдында Италия теңіз күштерінің капитаны ресейлік дипломатпен ақшаға құжат айырбастап жатқан жерінен тұтқындалған. Солардың ішінде НАТО-ға қатысты документтер де бар.
Кремль болса, бұл оқиғаның екі жақты қатынастарға кері әсер етпейтініне және Ресей мен Италияның өзара байланыстарды сақтайтын үміт білдірді.
Арыстан Рысбек