Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуына байланысты жабылып, карантин 15 сәуірге дейін созылды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес облыс аумағынан тек медицина, санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет, құқық қорғау мен арнайы жедел құтқару қызметінің шығуына ғана рұқсат етілген. Сондай-ақ медициналық анықтамалары барлар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға аймаққа кіріп, шығуға рұқсат бар. Тұрғылықты жеріне қайтқан, облыс аумағында тұртындар мен қала сыртындағы үйі бар адамдар үшін де облыс шекарасынан өтуге рұқсат беріледі. Ал Алматы, Павлодар мен Қарағанды облыстарымен шектесетін жерлерге санитарлық бекеттер орнатылмақ.
Ержан Жақып