Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен коронавируспен күрес жөнінде кеңес өтті. Онда соңғы күндері ушығып бара жатқан індетпен күресті шұғыл ширату мәселелtр талқыланды.
«Халыққа екпе салу шарасы мүлдем ақсап жатыр. Осы күнге дейін жұрттың не бәрі 0,2 пайызы ғана екпе алған. Денсаулық сақтау министрі өзіне берілген ерекше құзыретті де дұрыс пайдалана алмай отыр. Егер жағдай осы қалыптан оңалмаса, онда министрмен бірге үкіметке де оңайға соқпайтынын ескертемін», - деді Президент.
Сондай-ақ жиын кезінде шағын және орта кәсіпты қолдау, пандемиядан кейін орта мерзімідік дамуға бағытталған басқада салалардың мәселелер талқыланды.