Алматыда көппәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көппәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы анықталды

01.04.2021

Алматыда көппәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы анықталды. Оны 27 жастағы тұрғын ұйымдастырған. Өзі көрші үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісімен айналысып келген. Ер адам дайын өнімді көтерме бағамен және бөлшектеп те сатып отырған. Тінту кезінде «мефедрон» синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттер мен жабдықтар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психоактивті заттарға жататынын растады. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу