Еліміздің курортты аймақтары мен қонақ үйлері пандемия басталғалы табысының жартысынан қағылған. Былтырдан бері олар 67 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұл 45,8 пайызға аз. Ұлттық статистика бюросының дерегінше елімізге келетін туристер де 70 пайызға, яғни 2 миллион адамға кеміген. Керісінше шетелге шығатын қазақстандықтар да едәуір азайып отыр.
Досжан Маратұлы