Шенеуніктер құзіреттерін бәсекелестік ортаға беруге асығар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктер құзіреттерін бәсекелестік ортаға беруге асығар емес

01.04.2021

Мемлекеттік органдар кейбір құзіреттерін бәсекелес ортаға беруге асығар емес. Бұл туралы сенатор Қанатбек Сафинов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында айтты. Осы бағыттағы жұмыстар қазір шираудың орнына, кері кеткен. Мәселен, 2015 жылы мемлекеттік функциялардың саны 4,5 мың болса, қазір одан да көп болуы мүмкін, - дейді сенатор. Себебі, кейбір құзіретті бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзі басқару органдарына беру жұмыстары сылбыр.

Қанатбек Сафинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ұлт жоспарына сәйкес, мемлекетке қажет емес бірқатар функцияларды қысқарту қажет. Үкімет басшысынан осы бағыттағы 2 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен кешенді шараның іске асу мерзімі туралы ақпарат беруін сұраймын.

Дарын  Сағитов

Хабарламаларға жазылу