ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 350 мың баррельге дейін көтеруге келісті. Ал шілдеде картель мен оның одақтастары тәулігіне 450 мың бөшке шикізат шығармақ. Мұны Энергетика министрлігі хабарлады.
Осылайша ОПЕК+ мемлекеттері пандемия кезіндегі өндірісті қатаң шектеу режимінен шыға бастағанын байқатып отыр. Бұл шешім инвесторлардың әлем экономикасының болашағына деген сенімін күшейтіп, Brent маркалы мұнайдың бағасын бірден 3 пайыздан артық қымбаттатты. Оның құны бүгін 65 долларға жақындап отыр.
Арыстан Рысбек