Отарда пойыз үстіне шығып кеткен жасөспірім тоққа түсіп көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отарда пойыз үстіне шығып кеткен жасөспірім тоққа түсіп көз жұмды

02.04.2021

Жамбыл облысының Отар кентінде темір жолда тоқтап тұрған пойыздың үстіне шығып кеткен екі жасөспірімнің бірі қаза болды. Оқиға осыдан бір апта бұрын Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінің Отар бекетінде орын алған. Вагонның үстіне шыққан екі баланың бірін сол жерде тоқ соққан. Оған Гвардейский қалашығындағы госпитальде алғашқы көмек көрсетілді. Алайда денесінің 70 пайызын күйік шалған жасөспірім қайтыс болды. Оқиға орнында болған екінші баланың жағдайы жақсы. Медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүруде.

Нұрболат Сатымқұлов, Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы:
Әлеуметтік желілер мен Whatsapp месенджерінде тараған видео Отар ауылында орын алған оқиғаға мүлдем қатысы жоқ екендігін растаймыз. Себебі оқиға орын алған жерде ешқандай сыртқы бейнекамералар орнатылмаған және балалар соңғы вагонның үстіне шыққан.

Хабарламаларға жазылу