Індеттің таралуына байланысты «қызыл» аймаққа енген өңірлер тізімі көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі эпидахуал жайлы жаңа ақпарат жариялады. Қазір Елорда, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта. Ал, Шымкент шаһары мен Ақмола және Қарағанды өңірлері «сары» белгімен тұр. Қалғандары жасыл аймақ қатарында.
Өткен тәулікте індет екі ірі мегаполисте көп тіркелді. Алматыда 595, Нұр-Сұлтанда 427 адамнан коронавирус анықталған. Тізімде үшінші болып Алматы облысы тұр. 239 жағдай. Өзге өңірлерде анықталған деректер 100-ден төмен. Павлодар облысында 21 дерек. Жамбылда 18. Коронавирусты жұқтыру дерегі ең аз тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы. Мұнда 5 адамнан ауру анықталған.
Оңғар Алпысбайұлы