Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа арналған еңселі ескерткіш ашылды. 10 жыл бұрын жанқиярлықпен лаңкестің шабуылын тоқтатқан полиция капитаны арамызда болғанда 50 жасқа толар еді. Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналған көпшілік өз міндетіне адалдық пен көзсіз ерліктің символына айналған тәртіп сақшысы халық жадында мәңгі қалады деп еске алды.
Жалпы елімізде соңғы 30 жылда қызмет бабында құқық қорғау органдарының 800-ге жуық қызметкері көз жұмды.
Арыстанғани Заппаров, Ішкі істер министрінің орынбасары:
Ғазиз Байтасовтың жасаған ерлігі полиция қызметкерінің, әрбір тұрғындардың жүректерінде әрдайым орын алады деп ойлаймын. Осы елдің тыныштығы үшін өз жынын қыйды.
Сәбит Әлдебай