Елімізде жыл басынан 8 есірткі лабораториясы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан 8 есірткі лабораториясы жойылды

05.04.2021

Жыл басынан елімізде 8 есірткі лабораториясы жойылды. Мәселен, Петропавлда үйде зертхана жасаған ерлі-зайыптылардан 1 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленсе, Алматыда мұндай қылмыспен 2 азамат айналысқан. Олардан 13 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.

Жалпы лаборториялар Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалалары мен Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында табылды. Тәртіп сақшылары қазір синтетикалық есірткі саудасы белең алып барады деп отыр. Жыл басынан 25 келіден артық осындай психикалық белсенді зат тәркіленді.

Берікхан Нұрғалиев, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы:
Наурызда Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық есірткі сатқан 1 азамат ұсталды. Тексеру барысында олардан қапталған мефедрон табылды. Құқықбұзушылар ақшаны онлайн төлем арқылы қабылдап отырған. Пәтерлерінен дайын есірткі мен оларды қаптайтын құрылғы тәркіленді. 

Дарын Сағитов



Хабарламаларға жазылу