Биыл ҰБТ қалай өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ қалай өтеді

05.04.2021

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электронды форматта өтеді. Яғни, «Бір тестіленуші-бір компьютер-бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылмақ. 

Тағы бір жаңашылдық, үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсырып, үздік нәтижемен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Сондай ақ, талапкер тестілеу пункті мен тапсыру күнін өзі белгілеп, сәуір мен маусым аралығындағы ыңғайлы уақытты таңдайды. Тест нәтижесі ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден жарияланады. Қандайда бір келіспеушіліктер болса, тест аяқталған соң жарты сағат ішінде аппеляцияға беруге болады.

Сынақ тапсыру уақыты - 4 сағат. Талапкерлер сағат сайын 15 минут үзіліс жасай алады.  Оқушыға ыңғайлы болу үшін, компьютер экранында калькульятор мен Менделеев кестесін пайдалануға рұқсат. Ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін барлық бейнежазбаларды қайта қарайды. Тыйым салынған көмекші құралдарды пайдаланғаны анықталса, талапкердің тест нәтижесі жойылады. Санитарлық талаптарға сәйкес, ведомство өкілдері ата-аналарды бұрынғыдай тест тапсыру пункіне бармай, education.kz сайты арқылы онлайн бақылауға шақырады.  

Дидар Смағұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
Жыл сайын Ұлттық біріңғай тестілеуге жұмсалатын шығын азайып жатыр. Бұрындары тест қағаз жүзінде жүргізілгенде шамамен 1 млрд теңге жұмсалатын. Биыл 400 млн теңге кетеді деп жоспарлап отырмыз. Яғни, қаражат 2 есе үнемделеді. Осы электронды форматты бір бағытқа қойып алсақ, келер жылы шығын тағы да азая түседі.  

Ақниет Балтанова

ҰБТ грант

Хабарламаларға жазылу