Бағаны арзандату туралы талаптар орындала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағаны арзандату туралы талаптар орындала бастады

05.04.2021

Жұмыртқаны әдейі өз-ара келісіп қымбаттатып жатыр делінген фермалар бағаны түсере бастады. Мәселен Шымкент қаласы мен Ақмола және Қостанай облыстарында баға 5 пайызға арзандады. Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 13 шаруа қожалығына өнімнің бағасын түсіруді талап етіп, ескерту жолдаған еді. Өйткені агенттік олардың құнды сөзбайласу арқылы қымбаттатып отырғанын анықтаған болатын. Қазір 9 ферма ескертуді ескеретіндерін айтты. Енді Атырау, Жамбыл және Павлодар облыстарында да баға арзандайды деп күтіліп отыр. Сондай-ақ агенттік Солтүстік Қазақстанда күнбағыс майы, ал Қарағанды облыстында қант пен қарақұмықтың 10 пайызға арзандайтынын жеткізді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу