Маңғыстау облысының Аташ ауылында тұрғындарға қасқыр шапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының Аташ ауылында тұрғындарға қасқыр шапты

30.11.2018

Түз тағысы бір күнде 4 адамға шабуылдаған. Кешкісін қорадағы малға шапқан жыртқышты ауыл тұрғындарының бірі қолға түсіріп, ақыры бауыздап өлтірген. Аяқ-қолдары жарақаттанған тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетілді. Екпе жасалды. Жағдайлары қалыпты болған соң, үйлеріне жіберілді. 

Сәлима Аташева, Түпқараған аудандық ветеринария станциясының директоры:

- Ауласына барып көргенімізде шабуыл жасаған жыртқыштың қызыл қасқыр екені анықталды. Өлексе пат-материал ретінде алынып, басы облыстық ветеринарлық зертханаға жіберілді. Денесі ветеринарлық санитарлық талапқа сәйкес өртеліп, жойылды. Орны залалсыздандырылды. Зерттеу нәтижесін күтудеміз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу