Сенатта ерекше қажеттілігі бар жандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта ерекше қажеттілігі бар жандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

05.04.2021

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау тұрғысында әлі де түйткілді мәселелер бар. Оған түрлі үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен шағымдар дәлел. Сенатта өткен жиын барысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Қазір Парламент қарауына тиісті құжат енгізілген. Аталған заң жобасы ерекше қажеттілігі бар жандарды қорғауды және қолдауды көздейді. Талқылауда айтылған барлық ұсыныстар заң жобасын жетілдіру қабылдау барысында ескеріледі.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу