Оралда инфекциялық стационар 90 пайызға толды. Ал жалпы облыс ауруханаларында кеселден емделіп жатқан науқас саны 64 пайызға жеткен. Бас санитар дәрігердің айтуынша, 20 сынама Алматы облысына зертханаға жіберілген. Алдын ала болжам бойынша, британиялық және оңтүстікафрикалық штаммдар болуы мүмкін. Бірақ бұл дерек әзірге нақтыланбады. Облыс «қызыл» аймақта тұр. Қазір тәулігіне 100-ден астам адамнан вирус жұқтырғаны анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы