Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы «Өрімтал» балабақшасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді. Індет 4 тәрбиеші мен 5 баладан анықталған. Вирустан дене қызуы көтерілген екі бүлдіршін дәрігерлердің ұдайы бақылауында.
Ал қалғандарында ауру белгілері симптопсыз өтуде. Мамандардың айтуынша, коронавирус инфекциясын ең бірінші 29 наурызда балабақша тәрбиеленушісі жұқтырып, індет содан тараған. «Қалғандары кейін ПЦР тест арқылы анықталды», - дейді аудандық Білім бөлімінің басшысы. Қазір бөбекжайдың кезекші тобы карантинге жабылды. Індет ошағы анықталған ғимаратқа санитарлық-дизинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
Әділхан Жөлекешов, Қазалы аудандық Білім бөлімінің басшысы:
СЭС мамандарымен «Өрімтал» балабақшасына дизинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, бүгін 6 сәуір күні балабақшаға тәрбиеленушілерді қабылдаған жоқпыз. Сонымен қатар, СЭС-тің нұсқамасына сәйкес бір топ қана карантинге жіберіліп отыр.
Әділбек Серікұлы