Елордада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері короновирусқа қарсы вакцина алды. Олардың арасында Ұлттық арна тілшілері де бар. Екпе алғандар жарты сағат дәрігердің бақылауында, содан кейінде телефон арқылы байланыста болады. 21 күннен кейін екінші компонент салынады. Тілшілер вакцина вирусты жеңудің басты жолы деп отыр. Сол арқылы індетті жеңіп өтіп, қалыпты тіршіліке оралуға болады.
Альбина Әшім, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тілшісі:
Вакцина шығысымен екпе салдырамын деп шешім қабылдағанмын. Көк жәшіктен вакцинацияның қаншалықты дұрыс екенін насихаттап жүрміз. Бір жағынан соны азаматтық борыш ретінде, екінші жағынан өзімнің ғана емес, айналамдағы адамдарыдң өмірі үшін жауапкершілікті сезінгендіктен келіп тұрмын. Вакцинаны алдым.
Дарын Сағитов