Вакцинациядан соң вирусты жұқтыру-жұқтырмау иммунитетке байланысты - дәрігер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинациядан соң вирусты жұқтыру-жұқтырмау иммунитетке байланысты - дәрігер

06.04.2021

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының қызметкерлері екпенің екі компонентін де салды. Емдеу мекемесінде алғаш болып науқастармен тікелей қарым-қатынаста болатын бөлім мамандары вакцинацияланды. Қазір бәрінің де жағдайы жақсы, күнделікті жұмысына кірісіп кетті. 750-ден астам адам еңбек ететін аурухананың басқа да қызметкерлері өз еріктерімен алдағы күндері жаппай екпе салдыртуға ниет білдіруде. Олар ең алдымен өздерінің, жақындары мен әріптестерінің қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдап жатқандарын айтады.

Жұмахан Мұқашұлы, қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері:
Вакцинациядан кейін індет жұқтыру иммунитетке байланысты. Алайда жұқтырған жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. 

Әйгерім Қасенова, қабылдау бөлімінің аға медбикесі:
Вакцина салар алдында әлсіздік, бас ауруы болуы мүмкін деп ескерткен. Ондай ештеңе болған жоқ. 21 күннен кейін екінші турын алдым. өзімді жақсы, бірқалыпты сезінемін.

Қуаныш Қанатұлы

вакцина

Хабарламаларға жазылу