Үндістанда табылған қос мутациялы коронавирус АҚШ-та да анықталды. Инфекцияны Калифорния штатының тұрғыны жұқтырған. Қазір мамандар оның қаншалықты қауіпті екенін зерттеп жатыр. Айта кетсек, Үндістанда ковидтің ерекше түрі наурызда тікркелген. Мамандардың хабарлауынша, ол елдегі науқастардың күрт көбеюіне себеп болуы мүмкін.
Ал Германия мамырға дейін халықтың 20 пайызына екпе салуды жоспарлап отыр. Мемлекет вакцинация қарқыны бойынша Британия, Израиль, АҚШ-тан артта келеді. Елде індеттің таралуы бәсеңдемей, дертке шалдыққандар саны 3 миллионға жуықтады.
Таиланд болса, туристік маусымды қайта ашуға дайын. Ел билігі екпе алған саяхатшылардың келуіне рұқсат берді. Олар демалыс орнына барған соң карантиннен өтпейді, алайда әуежайда ковидке тест тапсыруы қажет. Туризмді жандандыру үшін, жергілікті тұрғындар да жаппай екпе қабылдап жатыр.
Жансая Қапасқызы