Ажалға себеп болған дезинфекциялық дәрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажалға себеп болған дезинфекциялық дәрі

05.12.2018

Маңғыстау облысындағы 29 жастағы келіншек пен 2 жастағы баланың қазасына себеп болған дезинфекциялық дәрі зиянкестерді жоюға арналған болып шықты. Мамандардың мәлімдеуінше, «Квикфос» препараты негізінен астық қоймаларында пайдаланылады. Онымен тұрғын үйді улауға болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау ауылының тұрғыны баспанасын қандаладан тазартамын деп, көршілерінің өліміне себепші болды. Тағы 3 адам уланды. Тергеу жалғасуда. Бірнеше сот-сараптамалық зерттеу тағайындалған. Басты күдікті ретінде дезинцекциялаумен айналысқан алматылық «Таракан нет» ЖШС-нің өкілі тергеліп жатыр. Ол - 25 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны. Күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынған. Қызметкер препаратты базардан сатып алған. Кінәсі дәлелденсе, 5 жылға бас еркінен айырылуы мүмкін.

Еркін Чунетов, Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

- Білімі де жоқ. Арнайы пайдаланатындай сертификаты да жоқ. Дайындалып оқытқан құжаттары да жоқ. Алматыда орналасқан жауапкершілігі шексеулі «Таракан нет» деген мекемемен ауызша келісім арқылы жұмыс жасадым дейді. Біздер қайтыс болған адамдардың мәйітіне сот сараптама тағайындадық,соның қорытындысын сотқа жолдау үстіндеміз.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу